Бұл қуанышты жаңалықты Қазақстан ұлттық құрамасының ресми Instagram парақшасы бөлісті.
Қазақстан ұлттық құрамасы мен «Қайрат» клубының жас жұлдызы Дамир Қасаболат өміріндегі маңызды қадамға барды. Ол «Реал Мадридке» қарсы өтетін тарихи ойын қарсаңында шаңырақ көтерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл қуанышты жаңалықты Қазақстан ұлттық құрамасының ресми Instagram парақшасы бөлісті.
«Жас жұбайларға бақыт, махаббат пен береке тілейміз. Бірге өткізер әр күніңіз қуанышқа толы болсын!», – делінген құттықтауда.
Айта кетейік, Дамир Қайратұлы 2002 жылы Алматыда туған. Қазақстан Ұлттық футбол құрамасы мен «Қайрат» клубының қорғаушысы. Қазақстанның 17, 21 жастағы құрамаларында ойнады. 2024 жылы Қазақстан чемпионы болды. 2025 жылы Қазақстан суперкубогын иеленді.