$ 541.19  636.44  6.49

«Қайратқа» қарсы ойын «Реал» үшін оңайға соқпайды – БАҚ

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда, турнирдің екінші туры аясында өтеді.

Getty Images
Getty Images

Грекиялық Koutipandoras.gr сайтының жазуынша, «Реалдың» «Қайратқа» қарсы кездесуі Чемпиондар лигасында испандық клуб үшін ең ауыр сынақтардың бірі болмақ, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Кездесу 30 қыркүйекте Алматыдағы Орталық стадионда, турнирдің екінші туры аясында өтеді.

«Қазақстандық клубқа қарсы матч «Реал Мадрид» үшін оңайға соқпайды. Өйткені мадридтіктер қарсыластың деңгейі емес,  керісінше ұзақ жолдан кейінгі қалжырау мен «Атлетикомен» болған тартысты ойындағы күш-қуаттың сарқылуы қиындық тудырады. Мадрид пен Алматының арасы 6400 шақырымнан асады. Бұл фактор ойынға елеулі әсер етуі мүмкін», – деп жазады басылым.

Еске салсақ, алғашқы турда «Қайрат» сырт алаңда «Спортингке» (1:4) жол берген еді. Ал «Реал» өз алаңында француздық «Марсельді» (2:1) жеңген болатын.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары