Ағайынды боксшыларға су жаңа темір тұлпар және пәтер кілті табысталды.
Шымкент әкімдігінің бастамасымен бокстан Ливерпульде өткен әлем чемпионатында топ жарған ағайынды боксшылар – Махмұд пен Төрехан Сабырхандарға қошемет көрсетілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ағайынды боксшыларға су жаңа темір тұлпар және пәтер кілті табысталды. Сондай-ақ әкесі Айдархан Сабырханұлына көлік кілті табысталды.
«Қатты қуаныштымыз. Үйімізге үш көлікпен кетіп барамыз. Әкеме, бапкеріме де жақсы сыйлықтар жасалды. Бізге пәтер, көлік сыйлаған демеуші ағаларымызға ризашылығымызды білдіреміз. Қала әкіміне алғысым шексіз», - деді Махмұд Сабырхан.