$ 541.19  636.44  6.49

Дастан Сәтпаев дубль жасап, «Қайрат» премьер-лигада көш бастады

Енді «Қайраттың» қоржынында 52 ұпай бар.

Фото: "Қайрат" клубының баспасөз қызметі
Фото: "Қайрат" клубының баспасөз қызметі

Алматының «Қайрат» клубы премьер-лиганың аяқталуына үш тур қалғанда көш басына шықты. Команда бүгін өз алаңында Астананың «Жеңіс» командасын жеңді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Матчтың нәтижесі – 3:1. «Қайрат» сапынан Дастан Сәтпаев дубль жасады. Бір голды  Рикардиньо соқты. «Жеңіс» тек Исламбек Қуаттың бір тура соққысымен жауап қайтарды. Одан әріге шамалары жеткен жоқ.

Енді «Қайраттың» қоржынында 52 ұпай бар. Алматы клубы турнир кестесінде бірінші орынға көтеріліп, «Астанадан» екі ұпайға озды. Осы ойында екі гол соққан Дастан Сәтпаев сұрмергендер тізімінде 11 голмен үшінші орынға көтерілді. Көш басында 13 рет дәлдік танытқан Назми Грипши тұр. Екінші орынға оның командаласы Марин Томасов жайғасқан. Хорватиялық футболшымен Сәтпаевтың голдарының саны бірдей. Тек Томасов нәтижелі пасты көбірек берген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары