"Бұл шамамен 2, 31 миллион теңге".
Қазақстандық бұрынғы қақпашы Самат Отарбаев әлеуметтік желідегі жазбасында Қытай жанкүйерлерінің УЕФА Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы кездесуге 1000-ға жуық билет сатып алғанын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«22 қыркүйек күні Қытай жанкүйерлерінің «Қайрат» – «Реал» ойынына 1000 билет алғаны туралы естідім. Олар ресми сатылым басталмай тұрып, клуб басшылығы арқылы қол жеткізген көрінеді. Ресми дерек жоқ, бірақ бұл – көптен күткен билеттерді алудың бейресми жолы болуы мүмкін. Бір жанкүйерге арналған толық пакет құны – 30 000 юань (ұшақ, қонақүй, тамақ). Бұл шамамен 2,31 миллион теңге», – деп жазды Отарбаев Threads желісінде.
Айта кетейік, Чемпиондар лигасының екінші турындағы «Қайрат» – «Реал» матчы 30 қыркүйекте Алматыда өтеді.
Қазақстандағы жанкүйерлер үшін билеттердің ресми сатылымы 23 қыркүйек күні сағат 17:00-де басталады.