"Біздің Головкин ағамызға Орталық Азиядан әлі ешкім жетпеді".
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Армат Арманұлы Pulse Fighting You Tube арнасына берген сұхбатында қазақ және өзбек боксының әлеуетіне қатысты өткір пікір білдіерді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Олар да кәсіпқой бокста өте жақсы нәтиже көрсетіп жүр. Кеше ғана Муроджон Ахмадалиевтің Наоя Иноуэмен жекпе-жек өткізуі үлкен деңгей деңгей деп ойлаймын. Олар да да мықты боксшылар көп. Бірақ, біздің Головкин ағамызға Орталық Азиядан әлі ешкім жетпеді. Сондықтан біз бірінші орындамыз. Гена ағамыздай мықты боксшылар оларда жоқ. Үлкен ареналарға шығып жүрген боксшылар бізде көбірек, сондықтан біздікі мықтырақ деп ойлаймын», — дейді ол.
Сондай-ақ, Армат Арманұлы әуесқой бокста 70 және 75 келі салмақ дәрежесінде ұлттық құрама сапында өнер көрсеткен еді.
«18 жасымда ұлттық құрамаға үшінші нөмірлі боксшы болып қосылдым. Үш жылдай, 2024 жылға дейін өнер көрсеттім. Қазіргі мансабым тек кәсіпқой бокста. Кәсіпқой бокста абсолаюттік әлем чемпионы болам деген мақсатпен ауыстым. Бізде бәрінде бір бокс ғой, кішкентай кезімнен Майк Тайсонды көріп өскен соң қызығушылығым кәсіпқой боксқа әкелді. Ұлттық құрамада жүрген кезде өте керемет жағдай жасалды. Тамақ, витамин, айлық жағынан еш әңгіме болған жоқ. Бәрі жақсы болды. Әлі де ризамын», — дейді ол.