25.09.2025, 16:20

Айдос Сұлтанғалиге пәтер мен көлік кілті табысталды (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

Ал бапкері Ғабиден Райымбек те баспанамен қамтылды.

Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев грек-рим күресінен әлем чемпионы Айдос Сұлтанғали мен оның бапкерін марапаттады, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жерлес чемпионға Қызылорда қаласынан жаңа пәтер мен темір тұлпардың кілті табыс етілді. Ал бапкері Ғабиден Райымбек те баспанамен қамтылды.

Айта кетейік, 2025 жылдың 20 қыркүйегінде Айдос Сұлтанғали әлем чемпионатында алтын медаль иеленген болатын.

Бір күннен кейін, 21 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев спортшыны тарихи жетістігімен құттықтады.