Алайда ол жазған хабарламаларына ешкім жауап бермей, керісінше скриншот жасап тарататынын айтып, әзіл аралас пікір білдірді.
Белгілі спортшы әрі блогер Қуат Хамитов соңғы уақытта әлеуметтік желідегі қыздарға жиі жазып жүргенін жасырмады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Алайда ол жазған хабарламаларына ешкім жауап бермей, керісінше скриншот жасап тарататынын айтып, әзіл аралас пікір білдірді.
«Соңғы кезде қыздарға жиі жеке хабарламалар жазып жүрмін. Бірақ ешкім жауап бермейді, тек жазғандарымның скринін жасап алады. Олар келесі жылы өзімнің фильмімді түсіруді жоспарлап жүргенімді білмейді Сол үшін қыздар керек?» – деді Хамитов.
Желі қолданушылары спортшының бұл жазбасына түрліше пікір білдіріп жатыр. Бірі Хамитовтың ашықтығына күліп қараса, енді бірі мұны пиардың жаңа тәсілі деп бағалауда.
Айта кетейік, Қуат Хамитов соңғы жылдары тек спортпен ғана емес, қоғамдағы белсенділігімен, сондай-ақ шығармашылық жобаларға қызығушылығымен де танылып жүр.