30.09.2025, 11:00

Мбаппе «Қайратпен» матчқа негізгі ойыншы Беллингемді қоспауды сұрады

Фото: tengri sport

Соның салдарынан "Реал" іс жүзінде бір ойыншымен кем ойнағандай болды.

Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің екінші турындағы алматылық "Қайратқа" қарсы өтетін ойынды алдында мадридтік "Реалда" Килиан Мбаппенің пікірі қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы Vesti.kz сілтеме жасап.

Don Balon дерегінше, франциялық шабуылшы бірқатар командаласымен бірге Джуд Беллингемді бастапқы құрамға қоспау керек деп есептейді. Олардың ойынша, иығына жасалған операциядан кейін англиялық жартылай қорғаушы толық қалпына келе алмаған.

Бұл жағдай әсіресе "Атлетикоға" қарсы өткен дербиде айқын көрінді: Беллингем алаңда ауыр қимылдап, қорғаныста белсенділік таныта алмады. Соның салдарынан "Реал" іс жүзінде бір ойыншымен кем ойнағандай болды.

Мбаппе бастаған футболшылар Хаби Алонсодан Беллингемді әзірге ротациялық ойыншы ретінде пайдалануды сұраған. Яғни, ол екінші таймда ғана алаңға шықса, ойынға бейімделуі жеңіл болмақ деген пікір бар.

Дегенмен, Джуд Беллингем "Реалдың" ең талантты ойыншыларының бірі саналады. Сондықтан алдағы "Қайратпен" кездесу оның жағдайын анықтайтын басты сынақ болмақ. Ал Хаби Алонсо оны негізгі құрамда қалдыра ма, әлде уақыт беріп, қалпына келуін күтеді ме – бұл әзірге беймәлім.

30 қыркүйекте "Реал" Алматыда "Қайратпен" ойнайды. Кездесу 21:45-те басталады. Хаби Алонсо сапарға 22 ойыншысын ала келген.

Өткен маусымда Беллингем 58 матчта 15 гол соғып, 15 нәтижелі пас берген. Қазіргі трансферлік құны – 180 миллион еуро.