Курткасын сатып, кредит жабуға болады.
Әлемге әйгілі “Реал Мадрид” футбол клубының ойыншыларының бір күндік образдарының бағасы белгілі болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Брендке қатысты контент түсіретін блогер Жансая Әміршәріпқызы жұлдызды ойыншылардың киімдерінің бағасын көрсетті.
“Барлығы асыға күткен Килиан Мбаппенің толық образы Луи Витон брендінен. Футболкасы – 350 мың теңге, шалбары – 656 мың теңге, күртешесі – 2 миллион теңге, аяқ киімі – 651 мың теңге. Бәрінің назары түскен чемоданы – 2 миллион 356 мың теңге. Арқасына асып алған сөмкесі – 1 миллин 716 мың теңге. Ол DIOR брендінен алынған. Сағатының құны – 29 миллион 500 мың теңге. Барлығы 37 миллон теңгеден асады”, – деді сән әлемінің блогері.
Желі қолданушылары сүйікті спортшысының образын қызу талқылап жатыр.
“Алматыдағы үш бөлмелі үйдің құны”, “Курткасын сатып, кредит жабуға болады”, “Осынша ақшаны киімге жұмсайтын бай ма?!”, “Қайрат” командасының образын есептеп көрші”, “Мына ақшалар миға сыймай жатыр”, “Өздеріне мұндай қымбат емес шығар”, – деп жазды көпшілік.