01.10.2025, 11:00

«Артық кетпеңіздер!»: Нұрлан Еспановтың ұлы "Қайрат – Реал" матчына билет сатпағанын айтып ақталды

Фото: Видеодан алынған кадр

Ол желіде қолында билет жоқ екенін, тек достарының өтінішімен парақшасына салып бергенін айтты.

Кеше "Қайрат – Реал" матчына билет сатамын деп сынға қалған Нұрлан Еспановтың ұлы өз сөзін жоққа шығарып,  ақталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Ол желіде қолында билет жоқ екенін, тек достарының өтінішімен парақшасына салып бергенін айтты.

"Бұл Пранк! Жалпы деймін да, менде не жұмыстарыңыз бар? Менде билет жоқ! Бар болса стадионда жатпаймын ба өзім! Ит-пен құстың бәрі салып жатыр ғой миллиондап билетті. Бұл активность көтеру мақсатында салынды. Және ол билеттер менде жоқ! Сондықтан артық кетпеңіздер! Мен не сатсам да өзім білем ғой! Біреудің жұмысына шаруаларыңыз болмасын! Әркім өзі біледі ғой не сатса да. Мен жай ғана біреудің билеттерін өзіме салдым болды. Аз да результат бар, бүкіл Қазақстан шулалды. Бұл Маркетинг, бұл пиар! Артық кетпеңіздер! Менің әкеме, отбасыма тіл тигізу болмасын! Аман болыңыздар! Қайратқа тек сәттілік пен жеңіс тілеймін!", - деп жазды ол.

Алайда әншінің ұлы екі билет емес,  шамамен елуге жуық билет сатқан. Бір билеттің бағасы – 1 600 доллардан басталады. 

“Бір билет бағасы – 600 мың теңге. 500 мыңдық билеттер де бар. Билеттер қайта сатылымға шықты. Аз-маз саудасы бар. 34-сектор, 9-қатардан екі билет бар. Әрқайсысы 500 мың теңгеден болады. “Қайрат” клубының мүшелеріне шақыру билеттер. ЖСН жазып керек емес, сканерлеп өте бересің”, – деп жазды Олжас.