Әлемнің үздік қақпашыларының бірі өз Instagram парақшасында матчтан алған әсерімен бөлісті.
Мадридтік «Реал» және Бельгия құрамасының қақпашысы Тибо Куртуа Алматыдағы ойыннан кейінгі жазбасында «Қайраттың» 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаны атап өтті, деп хабарлайды деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Әлемнің үздік қақпашыларының бірі өз Instagram парақшасында матчтан алған әсерімен бөлісті.
«Үлкен жеңіске сенімді ойын көрсеттік. Әлемдегі ең мықты клубтың капитандық байлауышымен алаңға шығу – ерекше толқыныс», – деп жазды Куртуа.
Ол Шерхан Қалмұрзамен сөйлесіп тұрған сәтінен сурет жариялап, жазбасында жас қазақстандық спортшыны белгілеп өтті.
Сондай-ақ, Куртуа матчтан соң Шерхан Қалмырзаға жейдемен ауысу туралы ұсынысты өзі білдірген. Бұл сәтті жанкүйерлер 18 жасар жас қақпашының мықтылығын мойындағаны деп бағалады.
Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза қақпаға соғылған 12 доптың 7-еуін қайтарып, сейв жасады. Бұл ойын жас қақпашы үшін өте нәтижелі болды. Әлемдік БАҚ-тар да таңданыстарын жасыра алмай, жарыса жазуда.