$ 547.57  642.63  6.68

«Қақпаны қорғады, енді Отанды қорғасын»: Шерхан Қалмұрзаға әскерден шақырту келді

Әскери комиссариат қызметкерлері бұл құжатты оған матчқа дейін тапсыруға тырысқан.

Фото: ФК Қайрат
Фото: ФК Қайрат

Алматылық «Қайраттың» 18 жасар қақпашысы Шерхан Қалмрыза, Мадридтік «Реалға» қарсы ойынынан кейін жанкүйерлердің назарын өзіне аударған еді. Бірақ ол өзіне күтпеген «сыйлық» алды – бұл әскерге шақыру қағазы, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Дереккөздердің айтуынша, әскери комиссариат қызметкерлері бұл құжатты оған матчқа дейін тапсыруға тырысқан, бірақ оларды Орталық стадион аумағына кіргізбеген. Себебі әскери комиссариат өкілдерінің матчқа билеттері болмаған.

Алайда мадридтік «Реалға» қарсы өткен ойында алаң иелері 0:5 есебімен жеңілгеннен кейін, шақырту қағазы ақыры өз иесін тапқан.

Желі қолданушылары бұл мәлімдемеге түслі реакция білдірді. Бірі әскерге бармауға шақырса, енді бірі міндеті екендігін айтуда. 

"Осы балаға қарап тұр ма екен қорғаныс күштері", "Бәсе еңді құрту ғой, аяқтан шалу", "Барсын елін қорғасын дұрыс кімге болсада ортақ әскерге бару", "Қақпаны қорғады енді отанды қорғасын дегенғой", "Онсызда қақпашы жетпей жатқанда жау жағадан алып", "Қажет емес, өлтіріп немесе аурып қылып әкелуге құштар болып отырсындар ма", - деп жазды жұрт. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары