$ 547.57  642.63  6.68

Командалық ойында бір футболшыны қаһарман ету дұрыс емес – Ермұхамед Мәулен

Бір бірінсіз жүрмейді, сағаттың сыртылындай механизм болу керек.

Коллаж: sn.kz
Коллаж: sn.kz

Танымал спорт журналисі, комментатор Ермұхамед Мәулен “Fonteam” You Tube арнасының жаңа шығарылымында командалық спортта бір спортшыны қаһарман қылып көрсетуге болмайтынын айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

”Осы жерде идеологиялық қателік бар. Ағайын, біреуге көлік сыйламас бұрын ойлану керек. Біз Қазақстанда үйреніп қалғанбыз, боксшы келсе, шапан жауып, ат мінгіземіз. Ия, ол — тамаша. Бапкеріне де береміз, керемет. Себебі, ол индивидуал спорт түрі. Ал, футбол — командалық спорт түрі. Шерхан Қалмырза, Темірлан Анарбеков, Дастан Сәтпаевтарға біреу пас бермесе, қасында Жоржиньо, Эдмилсон жүрмесе, жаяудың шаңы, жалғыздың үні шықпайды ғой. Ол ұжымдық ойын. Бір бірінсіз жүрмейді, сағаттың сыртылындай механизм болу керек. Сондықтан бір футболшыны қаһарман қылу футболда, біздің менталитетте дұрыс емес, қате. Егер, сен Темірлан Анарбековты жарылқағың келіп тұрса, өзіңнің компанияңа жарнама жасап, атымтай жомарттық танытқың кеп отырса, ол дұрыс. Жарайды, берсін. Бірақ ойлану керек. Оны құпия түрде де беруге болады. Екіншіден, сол Темірлан Анарбековты сонау Атырауда жүрген жерінен 14 жасына дейін бір бапкер тәрбиелеген шығар. Сол бапкерді тауып алып, соған неге көлік әпермейсің?! Кеше Уразбахтин “Қайрат” клубының кішкентай балаларды академияға таситын автобусы дұрыс емес деді. Одан да Темірлан Анарбековтан кейінгі кішкентай балалар жүретін автобус алып бермей ме. Шерхан Қалмырзаның да кішкентай кезінде бапкері болған шығар. Соларға берсін. Алдында Темірлан пенальти тосқан кезде бір қыз фейк аккаунтпен “үй жақта асфальт күтемін” деп жазды. Болмаса ақшаны “Қайрат” академиясына аударып бер. Осылай да жасауға болады”, — дейді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары