07.10.2025, 16:20

Қазақстан бокс федерациясы ұлттық құрамаға кімдер таңдалатынын айтты

Фото: ҚБФ

Бокс федерациясы команданың келесі жылғы басты мақсаты 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындары екенін айтты.

Қазақстан бокс федерациясының бас хатшысы Мерей Ақшалов 2026 жылға Қазақстан ұлттық құрамасы қалай жасақталатынын түсіндірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Бокс федерациясы команданың келесі жылғы басты мақсаты 2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айчи және Нагоя қалаларында өтетін Азия ойындары екенін айтты.

"Бізге 2026 жылға мықты команда жинау керек, өйткені төрт жылда бір өтетін Азия ойындары келесі жылы өтетінін білесіздер. Бұл турнир біз үшін ерекше маңызға ие. Қазан айында бокстан жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан чемпионаты да өтеді. Осы жарыстардың барлығының қорытындысы 2026 жылғы Қазақстан құрамасын анықтайды", – деді Ақшалов.

14-21 қазан аралығында Семейде бокстан Қазақстан чемпионаты өтеді. Жуырда Англияның Ливерпуль қаласында өткен бокстан әлем чемпионатының жеңімпаздарын қоспағанда, негізгі құрамадағы орынға үміткерлер қатысады.

Бокстан тұңғыш әлем чемпионатында Қазақстанның атынан он боксшы жұдырықтасты:

50 кг. Санжар Тәшкенбай 55 кг. Махмұд Сабырхан 60 кг. Бейбарыс Жексен 65 кг. Ертуған Зейнулинов 70 кг. Төрехан Сабырхан 75 кг. Сабыржан Аққалықов 80 кг. Нұрбек Оралбай 85 кг. Бекзад Нұрдәулетов 90 кг. Сағындық Тоғамбай 90+ кг. Айбек Оралбай

Олардың төртеуі Ливерпульде алтын жеңіп алды – Төрехан мен Махмұд Сабырхан, Санжар Тәшкенбай және Айбек Оралбай.

Бокстан әйелдер арасындағы жарыста Алуа Балқыбекова, Аида Әбікеева және Наталья Богданова әлем чемпионы атанды, Назым Қызайбай күміс, Виктория Графеева мен Елдана Тәліпова қола жүлдені иеленді.

Қалған боксшылар Қазақстан чемпионатында өнер көрсетеді.