Ол рейтингте 15-орында тұр.
UFC ұйымы аралас жекпе-жек жауынгерлерінің жаңартылған рейтингін жариялады. Айтулы тізімде қазақстандық ММА жұлдызы Шавкат Рахмонов ұзақ уақыт октагонға шықпағанына қарамастан, өз орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Ол рейтингте 15-орында тұр.
Сонымен қатар рейтингте айтарлықтай елеулі өзгерістер бар. Жуырда Магомед Анкалаевты жеңген бразилиялық Алекс Перейра бірден төрт сатыға көтеріліп, алтыншы орынға жайғасты. Нәтижесінде Анкалаев үздік ондықтан шығып қалды.
Қазіргі таңда UFC рейтингінің көшін испан-грузин файтері Илия Топурия бастап тұр. Екінші мен үшінші орында Ислам Махачев пен Мераб Двалишвили орналасқан.
UFC сарапшыларының айтуынша, Шавкат Рахмоновтың рейтингтегі тұрақтылығы оның әлемдік деңгейдегі беделі мен шеберлігінің айқын дәлелі – дейді.