13.10.2025, 13:40

«Өлуге дайынмын!»: Футболшы Димаш Қашкен өзіне тағылған сындарға жауап берді (ВИДЕО)

Фото: видеодан скриншот

"Бұл менің бала күнгі арманым болған".

Танымал блогер Абилова Мерейдің күйеуі Дінмұхаммед Қашкен ұлттық құрама сапына шақырылуына байланысты өзіне айтылған сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

Еске сала кетейік, жұрт оны "бай әкесінің арқасында ғана жүр", "ойнай алмайды" деп сынға алған еді. 

"Хейт ол міндетті түрде болады. Мен оны абыроймен көтеремін. Әркімнің өз пікірі бар, бұл қалыпты. Мен Алла қаласа өз ойыныммен мықтылығымды дәлелдеймін. Бас бапкер маған өзімді дәлелдеуге үлкен мүмкіндік берді. Ол кісі мені Түркияда жүргенде 22 жасымда шақырған. Бұл біріншіден, әр футболисттің арманы - Ұлттық құрамаға шақырылып, еліміздің намысын қорғау. Бұл менің бала күнгі арманым болған. Ұлттық құрамаға шақырылып, сол жердегі атмосфераны сезіну. Талғат Маруанұлына құрамаға шақырғаны үшін үлкен алғысымды білдіремін. Бұл мен үшін үлкен мәртебе. Ұлттық құрама үшін алаңда өлуге дайынмын. Бәріне дайынмын! Қараңдар, бақылаңдар! Мен әлі дәлелдеймін Алла қаласа! Мен жаман ойыншы емеспін! Күтіңдер, әлі бәрі жақсы болады", - деді футболшы Қашкен. 

Ал желі қолданушыларының бірі қолдаса, енді бірі футболшының бұл пікірімен келіспейді.

"Осындай мешоктарды шақырады, сосын жеңіліп қала береді", "Қашкеннің кінәсі жоққой, шақырса соған лайық деген сөз",  "Қазақтар тоқтайықшы осындай әдетті! Байдың баласы болғанымен Қазақстан деп дайындалып жүр ғой", "Сенің гол соғып, қақпаны қорғағаның керек бізге, өлемін дегені несі", - деп жазды.