14.10.2025, 21:30

Ұлттық құрама қақпашысы футболды сынай беретін Қуат Хамитовті көкпардан жекпе-жекке шақырды (ВИДЕО)

Фото: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

 "Ол ағамды көкпарға шақырамын".

Қазақстан құрамасының қақпашысы Мұхамеджан Сейсен аралас жекпе-жек шебері Қуат «Найман» Хамитовті көкпардан күш сынасуға шақырды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Қақпашы ұлттық құраманы үнемі сынға алатын Қуат Хамитовті осылай күш сынасуға шақырды.

«Мен – футболшымын, ол кісі төбелеседі. Мен рингке шықсам немесе ол кісі маған келсе (футбол алаңына келсе) түсінікті, тең болып қаламыз. Ол – қазақ. Бізде ұлттық спорт бар. Ол – көкпар. Ол ағамды көкпарға шақырамын», – дейді Мұхамеджан Сейсен.

Айта кетейік, футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының әрбір сәтсіздігінен кейін Қуат Хамитов команданы аяусыз сынға алып, қомақты қаржының бұл спорт түріне бөлінгені дұрыс емес екенін айтады.