$ 538.56  625.65  6.62

40 жастағы Роналду тағы бір жаңа рекорд орнатты

Ол ұлттық құрама сапындағы кезекті ойынында дубль авторы атанған. 

Фото: Getty Images
Фото: Getty Images

Кеше түнде Португалия құрамасы 2026 жылғы әлем чемпионатының Еуропа аймағындағы іріктеу кезеңінің 4-турында Венгриямен тең тарқасты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Лиссабон қаласындағы «Жозе Алваладе» стадионында өткен матчта 2:2 есебі тіркелді. Португалиялық 40 жастағы аңыз Криштиану Роналду 2 гол (22, 45+3 минуттар) соқтық. Бұл – оның мансабындағы 947 және 948-ші голы. Сондай-ақ, Криштиану Роналду әлем чемпионатының іріктеу матчтарында барлығы 41-ші голын тойлап, жаңа рекордқа қол жеткізді. Негізінен, футболшының арманы – соққан голдарының санын 1000-ға жеткізу. 

Ал Венгрия сапынан Адам Салаи (8-минут) мергендігімен танылса, Доминик Собослаи 90+1 минутта есепті теңестіріп кетті.

Осыдан соң Роберто Мартинес жаттықтыратын Португалия 10 ұпай жинап, E тобында ешкімге дес бермей тұр. Ал Марко

Росси баптайтын Венгрия 5 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. 
Келесі турда Португалия Ирландияға қонаққа барса, Венгрия Армениямен сырт алаңда кездеседі.
 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 2
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары