Жансая Әбдімәлік 2023 жылы сәуір айында тұрмысқа шықты.
Қазақстандық танымал шахматшы және халықаралық гроссмейстер шахматқа қайта оралуына қатысты өз ойын айтып, алдағы мақсат жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
“Шахмат менің өмірімнің бір бөлігі болып қала береді. Бірақ қазір мен басқа маңызды кезеңде — отбасыммен, аналық жолымен және ішкі тепе-теңдігімді қалпына келтірумен айналысып жүрмін.
Егер бір күні қайта оралғым келсе — ораламын. Ал егер оралғым келмесе, онда мен өзімді басқа да маңызды істерге арнаймын”, — деп жазды ол instagram парақшасында.
Естеріңізде болса, Жансая Әбдімәлік 2023 жылы сәуір айында тұрмысқа шықты. Шахматшының таңдауы "Қазақмыс" басқармасының төрағасы Нұрахмет Нұриевке түскен. Айта кетейік, Жансая Әбдімәлік – әйелдер Гран-приінде жеңіске жеткен тұңғыш қазақстандық. Ол бұл атаққа 2021 жылы Гибралтарда қол жеткізді.