Бұл «Халықтың сүйіктісі – 2025» ұлттық сыйлығының басталғанына да 15 жыл толды.
Бір ойында 3 рет «пенальти» қайтарған Темірлан Анарбеков ерекше сыйлыққа үміткер атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Аталған атақты «Қайрат» футбол клубын Чемпиондар лигасына шығарған қақпашы Темірлан Анарбековтің де алу мүмкіндігі бар, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ұйымдастырушылар лауреаттарды анықтайтын алғашқы дауыс беру кезеңі 13 қазанда басталғанын айтады. Бірінші кезең аясындағы дауыс беру 24 қазанда аяқталады. Темірлан Анарбековтен өзге, осы жылы сыйлықтан елге танымал көптеген тұлға үмітті.
– Үміткерлер қатарында белгілі спортшылар – Темірлан Анарбеков, Давид Дегтярев, Назым Қызайбай, Төрехан Сабырхан; дәрігерлер – Алексей Белокобылов, Мынжылқы Бердіқожаев; ғалымдар – Күнсұлу Закарья, Анатолий Плешаков; тележүргізушілер – Ерқанат Көпжасар, Әкерке Бектас, Камила Жүсіпова; депутаттар – Бақытжан Базарбек, Ермұрат Бапи, Асхат Аймағанбетов және қоғам белсенділері – Зауреш Баталова, Сергей Цирюльников және тағы басқалар бар, – деп хабарлайды ұйымдастыру комитеті.
Биылғы ұлттық сыйлықтың 11 негізгі номинациясы мынадай:
Жылдың мұғалімі; Жылдың ғалымы; Жылдың дәрігері; Жылдың мәдени жобасы; Жылдың тележүргізушісі; Жылдың спортшысы; Жылдың параспортшысы; Жылдың парламентшісі; Жылдың қоғам қайраткері; Жылдың жастар көшбасшысы; Жылдың медиа-тұлғасы.– Қазақстандықтар 2025 жылғы 13-24 қазан аралығында сыйлықтың Facebook-тегі ресми парақшада бірінші кезең аясында дауыс бере алады. Осы кезең қорытындысы бойынша ең көп дауыс жинаған төрт үміткер Short List (финал) тізіміне енеді. Финалда халық ұлттық сыйлықтың ресми сайтында таңдау жасай алады, – дейді ұйымдастырушылар.