17.10.2025, 19:20

Геннадий Головкин Дубайда Хабиб Нурмагомедовпен кездесті

Фото: instagram.com/gmg_max

Бұл туралы Максим Головкин Instagram парақшасында жазды.

Кәсіпқой бокстан бұрынғы әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин жеңіл салмақтағы UFC-дің экс-чемпионы ресейлік Хабиб Нұрмагомедовпен кездесті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz сілтеме жасап. 

Кездесу Біріккен Араб Әмірліктерінің Дубай қаласында өтті. Максим Головкин Instagram парақшасында бауыры Геннадий, Хабиб және Eagle FC ұйымының басшысы Шамиль Завуровпен бірге түскен суретті жариялады. Пост бірнеше сағат ішінде 3 мыңнан астам лайк жинаған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Геннадий Головкин Қазақстанның Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті, сондай-ақ World Boxing жанындағы олимпиадалық комиссияның төрағасы қызметін атқарады.