Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 69-дан 76-ға төмендеді.
Кеше Нинбо (Қытай) WTA 500 турнирінде чемпион атанған Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 10-нан 7-орынға көтерілді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тағы бір қазақстандық Юлия Путинцева 69-дан 76-ға төмендеді.
Анна Данилина жұптық сында 13-орнын сақтап қалды.
Елена Рыбакина WTA чемпиондық кестесінде бұрынғыша 9-сатыда тұр.
Қазақстандық теннисші қарашада Эр-Рияд қаласында өтетін жылдың қорытынды турниріне қатысу үшін үздік сегіздікке ілігуі қажет. Бұл үшін Токио (Жапония) WTA 500 турнирінде алдағы екі матчында жеңсе, жетіп жатыр. Сонда 8-орындағы ресейлік Мирра Андрееваны басып озады. Мирра Андреева осы аптадағы жарыстарға қатыспайды.