Марқұмның денесі Гана аумағынан табылған.
Сенегалдың "Esprit Foot Yeumbeul" футбол академиясының 18 жастағы қақпашысы Шейк Туре Ганада алаяқтардың қолынан қаза тапты. Бұл туралы The Sun басылымы жазды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Сенегалдың Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, жас спортшыны белгісіз адамдар кәсіби клубқа қақпашы болуға ұсыныс жасап, алдап шақырып алған. Артынша футболшыны Ганаға апарған. Сол жақта оны ұрлап, отбасынан ақша бопсалаған. Құтқару жұмыстары жүргізілгенімен, Туре қылмыскерлер қолынан мерт болды.
Марқұмның денесі Гана аумағынан табылған. Қазір Сенегал мен Гана билігі бірігіп тергеу жүргізіп жатыр. Сенегал билігі спортшының туыстарына көңіл айтып, қылмыскерлерді анықтап, жауапқа тартуға уәде берді. Осы қайғылы жағдайға байланысты футбол академияларына, жаттықтырушылар мен ата-аналарға шетелден түсетін ұсыныстарға аса сақ болуға, тек ресми арналар арқылы тексеру керек екені қатаң ескертіледі.