Ақтық сында жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен жеңді
Әйгерім Сәттібаева Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында алтын жүлдеге ие болып, жеңімпазы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде сынға түскен Әйгерім Сәттібаева ақтық сында жетісулық Әнел Құдайбергенді 5:0 есебімен жеңіп, Қазақстан чемпионы атанды.
Еске сала кетейік, Әйгерім Сәттібаева – 5 баланың анасы.