21.10.2025, 15:10

Абылайхан Жүсіпов 5 жылдан кейін Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанды (ВИДЕО)

Фото: olympic.kz

Финалда алматылық боксшы Фарух Тоқтасыновты 5:0 есебімен жеңді.

Абылайхан Жүсіпов Семейде бокстан өтіп жатқан Қазақстан чемпионатында жеңімпаз атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

70 келіде жұдырықтасатын былғары қолғап шебері финалда алматылық боксшы Фарух Тоқтасыновты 5:0 есебімен жеңді.

Еске сала кетейік, Абылайхан Жүсіпов – әлемнің үш дүркін жүлдегері, Азия чемпионы, Олимпиада ойындарының қатысушысы