Шешуші жекпе-жекте Бибосынов Қызылорда облысының өкілін жеңді.
Түркістан облысының боксшысы Сәкен Бибосынов ел чемпионатының финалында қарсыласын жеңіп, 55 келі салмақта Қазақстан чемпионы атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Шешуші жекпе-жекте Бибосынов Қызылорда облысының өкілі Нұрсұлтан Алтынбекті ұтып, алтын медаль иеленді.
Айта кетейік, Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Сәкен Бибосынов кәсіпқой рингке екінші рет көтерілмек. Ол Қырғызстан астанасы Бішкектегі Bishkek Arena кешенінде өтетін бокс турнирінде шаршы алаңға шығады.
Бұл – Бибосыновтың кәсіпқой бокстағы екінші айқасы. Алғашқы кездесуде ол филиппиндік боксшы Кристиан Леганды айқын басымдықпен жеңіп, сәтті дебют жасаған болатын.
Алдағы айқаста Бибосынов қырғызстандық Әділет Качкынбековпен кездеседі.