22.10.2025, 02:30

Елдос Сметов анасы мен әйеліне ерекше сый жасады (ВИДЕО)

Фото: Видеодан алынған кадр

Келесі кезекте спортшы дәл осындай сыйды әкесіне ұсынды. 

Олимпиада чемпионы, танымал спортшы Елдос Сметов өз отбасына жасаған ерекше сыйлықтарын көрсеткен видеосын жариялады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.

Алдымен Елдос анасын қуантты — ол кішкентай қорапшаны анасының қолына ұстатып, ерекше сый тарту етті. Сезімге толы сәтте анасы ұлының қолын сүйіп, алғысын білдірді.

Келесі кезекте спортшы дәл осындай сыйды әкесіне ұсынды. Әкесі де ризашылығын жасыра алмай, ұлына жылы лебізін айтты.

Соңғы сыйлық Елдостың сүйікті жарына арналды. Әйелі де бұл тосын сыйға қуанып, отбасы мүшелері бақыт пен ризашылыққа бөленді.

Белгілі болғандай, Елдостың сыйлығы — соңғы үлгідегі iPhone 17 pro max смартфоны. Спортшының бұл қадамынан әсерленген желі қолданушылары оны жылы пікірлерге бөлеп, отбасының жарасымына тәнті болды.