22.10.2025, 15:40

«Лимиттен асып кеткен»: Қуат Хамитов маңызды жекпе-жек алдында салмақ өлшеуден өтпей қалды

Фото: instagram.com/kuat__khamitov

Хамитовтың салмағы асып кеткен. 

Белгілі файтер Қуат Хамитов («Найман») беделді ACA лигасындағы дебютіне бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінде лимиттен асып кеткен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Спортшының салмағы 78,2 келі болып тіркелген — бұл орта салмақ санатындағы рұқсат етілген межеден 100 грамм артық. Айта кетейік, 23 қазанда Хамитов Дубайда өтетін ACA 194 турнирінде алғаш рет өнер көрсетеді.

Оның қарсыласы — ресейлік файтер Анатолий Бойко.

Бұл кездесу қазақстандық спортшының ұзақ үзілістен кейінгі маңызды камбэгі болмақ.