$ 538.11  623.51  6.61

«Пәтер беру керек»: Темірлан Анарбековтің сейві УЕФА парақшасында (ВИДЕО)

"Атына заты - сай, темір қақпашы”. 

 

Фото: ФК "Қайрат"
Фото: ФК "Қайрат"

“Қайраттың“ қақпашысы Темірлан Анарбеков тағы да желі жұлдызына айналды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Чемпиондар лигасының үшінші турында “Қайрат” футбол клубы өз алаңында Кипрдің “Пафос” клубын қабылдады. Ойынның 6 минутында “Пафос” сапынан Коррея ойын тәртібін бұзып, алаңнан қуылды. Алайда он ойыншымен қалған “Қайрат” “Пафосқа” еш қарсылық көрсете алмады. Керісінше “Қайраттың” қақпасына бірнеше мәрте қауіпті соққылар бағытталып, Темірлан Анарбеков қақпаны голдан аман сақтап қалды. Осылайша Темірлан Анарбеков кезекті мәрте матчтың басты қаһарманына айналды.

Осыдан кейін әлеуметтік желіде Темірлан Анарбековтің қолдаушылары екі есе арта түсті. Тіпті қақпашыға көлік емес, пәтер сыйға беру керек деп жазып жатқан жанкүйерлердің саны артты.

“Міне кезекті мәрте “Қайратты” масқарадан құтқарып қалды”,  “Темірлан Анарбековке көлік емес, пәтер беру керек”, “Тағы бір макбук сыйға алатындай ойнады”,”Өзі қақпашы, өзі бапкер болып, футболшыларға ұрсып жүр ғой”, Осы ойында да қаһарман Анербеков болды”, Анарбеков Қазақстандағы ең үздік қақпашы”, "Атына заты - сай, темір қақпашы”, “Жарақатына қарамай, жанын беріп ойнап жүр ғой”, Қазақтың қара баласы, көзіме жас келді ғой, “Жағы енді жазылып келе жатыр еді, бетіне соққы тисе де міз бақмай соңына дейін ойнады”, “Анарбековтен басқаларың ойнамай-ақ қойсаңдаршы”, “Барлық құраманы жалғыз Темірлан Анарбеков ғана сүйреп жүр”, “Темірланды мойындадым”, “Темірлан болмаса есеп 3:0 болатын еді”, “Темірлан нағыз Еуропада ойнайтын қақпашы, жақсы ұсыныстар түссе екен”, “Дастанды бекер уақытта мақтаймыз осындай да өшіп қалады, Темірлан жарайсың!”- деген пікірлер әлеуметтік желі де толассыз жазылып жатыр.

Айта кетейік, Еуропа футбол қауымдастықтары одағы (УЕФА) алматылық "Қайраттың" қақпашысы Темірлан Анарбековтың кешегі сейвін үздіктер қатарына қосты

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары