$ 538.13  624.88  6.64

Қазақстандық спортшы ММА бойынша Азия ойындарының чемпионы атанды

Спортшы мерзімінен бұрын жеңді.

Фото: ҰОК
Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасының жас спортшысы Амелина Бакиева ММА бойынша 2025 жылғы Жасөспірімдер Азия ойындарында алтын медаль алды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Бакиева Үндістан спортшысы Шрия Сатамды мерзімінен бұрын жеңіп, жарыстың үздігі атанды.

«Бұл жеңіс Қазақстан жастар құрамасы үшін үлкен мәртебе. Алтын медаль ел намысының биік деңгейде қорғалғанын көрсетеді», – деп жазады Ұлттық Олимпиада комитеті.

ММА — жастар арасында танымал жекпе-жек спорты. Қазақстандықтар соңғы жылдары халықаралық аренада тұрақты табыс көрсетіп келеді. Ал Бакиева — ел құрамасының жаңа жұлдыздарының бірі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары