$ 535.83  624.94  6.69

Қазақстан UFC-де бір жауынгерінен айырылды

Осы нәтижеден кейін оның есімі UFC-дің ресми тізімінен алынып тасталды.

Фото: vk.com/ufc
Фото: vk.com/ufc

Жеңіл салмақта өнер көрсететін қазақстандық Азат Мақсұм (15-3) UFC ұйымының спортшылары тізімінен шығарылды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Мақсұм Абу-Дабиде (БАӘ) өткен UFC 321 турнирінде америкалық Митч Рапосоға (9-3) қарсы жекпе-жек өткізді. Кездесуде фаворит саналған қазақстандық спортшы төрешілердің ортақ шешімімен (26-30, 27-29, 27-29) жеңілді.

Бұл UFC-де төрт жекпе-жек өткізген Мақсұмның үшінші жеңілісі болды. Осы нәтижеден кейін оның есімі UFC-дің ресми тізімінен алынып тасталды.

«Шығарылған спортшы: Азат Мақсұм», – деп жазды Half The Battle Podcast подкастының жүргізушісі Дэниел Леви.

Айта кетейік, төрешілер Тони Уикс пен Клеменс Вернер кездесуді 29-27 есебімен америкалық спортшының пайдасына бағаласа, Бен Картлидж 30-26 ұпай беріп, барлық раундта Рапосо басым болды деп санады. Үшінші раундта төреші қазақстандық спортшыдан бір ұпай шегерген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары