$ 535.83  624.94  6.69

«Жылап-еңіреп жүруім керек пе?»: Шерхан Қалмұрзаның анасы биін сынағандарды орнына қойды (ВИДЕО)

Сондай-ақ, Шерханның анасы өзінің ерке екенін де айтып қалды.

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

"Қайрат" футбол клубының 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрзаның анасы Сәуле Рабаева әлеуметтік желілер мен спорт сайттарындағы жазбаларға наразылық білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Оның айтуынша, ұлының командасымен бірге жеңісті атап өтіп, билегенде түсірілген фото мен видеоларды көптеген паблик түрлі жағымсыз тақырыптармен жариялаған. 

"Қаншама телеарналар, жобалар сұхбат алу үшін мені шақырды. Бұл менің тәкаппарлығым емес. Керісінше, бұл менің ұлымның жағдайын түсінуге тырысуым. Себебі оның алдында екі қақпашы ағасы жарақат алып қалды. Осылайша, мен командаға құрмет көрсеттім. Ұлым командада жалғыз ойнамайды. Қаншама ағалары бар командада. Ал ұлым мен Дастан екеуі командадағы ең кішкентайлары. Мен ұлымның жеңісі үшін қуана алмаймын ба? Ұлымның жеңісі үшін билей алмаймын ба? Жақсы ана деген атаққа ие болу үшін міндетті түрде жылап-еңіреп, мыжып отыруым керек пе? Мені қалай бар солай қабылдаңыздар. Әрекеттерімді сынайтын Алла бар. Менің басымнан өткен оқиғаларымды білмейсіздер ешқайсысын. Алла көрсетпей-ақ қойсын. Мықты мінезімнің арқасында алып шықтым. Өз балаларымды әлемдік деңгейдегі өз мақсаттарыммен тәрбиелеп келе жатырмын", – дейді Сәуле Рабаева.

Сондай-ақ, Шерханның анасы өзінің ерке екенін де айтып қалды.

"Еркемін енді. Әкем еркелетеді, анам еркелетеді. Еркелететін ағаларым бар. Қыз баласында жасына қарамастан нәзіктігі мен еркелігі болуы қалыпты. Қалай бар солай қабылдаңыздар. Көзі ашық, көкірегі ояу, оқыған-тоқыған адаммын мен", - деді ол. 

Айтуынша, ол тек ана ретінде баласының табысына қуанып, оны қолдағанын жеткізгісі келген. Алайда кейбір желі қолданушылары бұл сәтті бұрмалап, түрлі пікір тудырған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары