Бұл туралы Ғалымжан Кенжебектің өкілі Мамука Ломидзе айтып берді.
AS басылымының жазуынша, бұлай жалғаса берсе, Қазақстан Орталық Азиядағы футбол державасына айналуы мүмкін, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«Елімай» футбол клубының жартылай қорғаушысы қайтадан Еуропаға кетуге дайындалып жатыр. Ол 2024 жылы ғана Словакияның «Кошице» клубынан ҚПЛ-ге оралды. Талантты ойыншы Премьер-лигада 11 матч өткізіп, 6 гол соқты, 4 нәтижелі пас берді.
– Ғалымжан аз уақытта кәсіби футболшы ретінде шыңдала түсті. Сондықтан, қазір оған қызығушылық танытып отырған клубтар саны да артуда. Десе де, біз ешқайда асықпаймыз, себебі Еуропада маусым қызып тұр. Баратын лиганы қаржылық жағына қарап емес, ақылға салып таңдаймыз. Шотландия, Түркия, Грекия мен Португалиядан қызығушылық бар. Словакия мен Ресей түсінікті, мұндай нұсқалар болған, бар және ары қарай да болады. Енді тек нақты ұсыныстарды күту қалды. Кенжебекке қызығушылық танытқан испаниялық клубтар да бар, шу шығып кетпеуі үшін тек олардың атын айтпаймын. Португалия да – нұсқаның бірі, бірақ біз ендігіде ондағы ортаңқол мықты команда немесе ол жақтағы лигадан төменірек чемпионаттың көшбасшы командасын көздейміз. Ал қайда кететініміз қарашаның орта не аяқ жағында белгілі болады. Түркияға байланысты ақпарат? Иә, бұл – Суперлиганың екі клубы, топ-командалар емес, бірақ жаман деуге де келмейді. Олар Ғалымжан туралы ақпарат жинастырған, – деді М.Ломидзе «ASnews.kz» сайтына.
Сондай-ақ, алматылық «Қайрат» футбол клубының жас шабуылшысы Азамат Тұяқбаевқа да Еуропаның бірқатар клубы қызығып отыр.
Бейресми дереккөздерге сенсек, 18 жастағы ойыншыны Англия мен Испаниядан бірнеше команда мен агент өз командасынан көргісі келеді. Осыған дейін ол «Ковентри Сити» клубының скауттарының назарына ілікті. Бүгін қазақстандық футболшы Ислам Чесноковтың Шотландия чемпионатының көшбасшы командасымен келісімшартқа отырғанын жаздық.