$ 530.15  617.47  6.64

Қос қазақстандық дзюдошы Азия ойындарының алтын жүлдегері атанды

Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия ойындарында қазақстандық дзюдошылар Еркен Бекәлі мен Фатима Сұпығалиева топ жарды. 

Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі
Фото: Арлан Олжабай, Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

66 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде белдескен Еркен Бекәлі финалда Ауғанстан спортшысы Башир Кадириден басым түсіп, алтын медаль иегері атанды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ал 52 келіге дейінгі салмақта күрескен Фатима Сұпығалиева ақтық сында Қырғызстан өкілі Милена Боруболотовамен күш сынасып, иппон әдісімен айқын жеңіске жетті.

Осылайша, екі қазақстандық спортшы Азия ойындарының чемпиондары атанып, ел қоржынына қос бірдей алтын медаль салды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 3
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары