$ 522.49  601.07  6.47

Бұл ауыр сынақ болады – «Қайрат» бапкері «Интерге» қарсы ойын жайлы

Сабыр сақтап, ойынды бақылауда ұстай білуіміз керек.

Фото: insports.kz
Фото: insports.kz

«Қайрат» командасының бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Миланның «Интеріне» қарсы матч алдында өз ойымен бөлісті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

— «Сан-Сиро» — аңызға айналған арена. Сегіз жыл бұрын мен мұнда ұлдарыммен және академияның тәрбиеленушілерімен келгенмін. Миланда көптеген отандастарымызды көру – қуанышты жағдай. Біз қарсыластарымыздың мықтылығын да, «Интер» жанкүйерлерінің жалынды қолдауын да жақсы білеміз. Мұнда осындай командаға қарсы ойнаймын деп ешқашан ойламаппын. Бұл — ауыр сынақ болмақ және барынша жинақы ойын көрсету қажет, — деп жазды бапкердің сөзін uefa.com сайты. 

Алматылық клубтың қорғаушысы Егор Сорокин де бапкер пікіріне қосылды.

— Бұл қиын матч болады, бізге бар күшімізді салуға тура келеді. Сабыр сақтап, ойынды бақылауда ұстай білуіміз керек. Бірақ «Интердің» шабуылшылары да мен сияқты адамдар, әрі қорғаныста мен жалғыз емеспін, — деді ол.

Өз кезегінде «Интердің» бас бапкері Кристиан Киву командасы бұл ойынға тыңғылықты дайындалып жатқандарын атап өтті

— Бұл — Чемпиондар лигасы және бұл матчқа да басқа ойындар секілді асқан жауапкершілікпен, толық дайындалу қажет. Біз ең жақсы футболымызды көрсетуіміз керек, — деді ол.

Миландық клубтың қорғаушысы Карлос Аугусто Чемпиондар лигасында тек жеңіс емес, доп айырмасына мән беру де маңызды екенін айтты.

— Ойын оңай болмайды, бірақ біз өз алаңымызда болғандықтан басымдығымыз бар. Олар мұнда келіп, жақсы ойын көрсетуге тырысады, ал біз үш ұпай алу үшін барымызды салып, өз ойынымызға назар аударуымыз керек, — деді ол.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары