Осылайша “Интер” мен “Қайрат” арасындағы ойын 2:1 есебімен италиялық клубтың пайдасына аяқталды.
Чемпиондар лигасының 4-турында алматылық “Қайрат” клубы сырт алаңда Джузеппе Меацца стадионында "Интерге" қарсы матч өткізді. Ойын алғашқы минуттан-ақ қарқынды басталды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Тартысқа толы матчта “Интер” алматылық клубтың қақпасына бірнеше мәрте қауіп төндіріп, Темірлан Анарбеков қақпаны голдан аман сақтап қалды. Қайраттықтар да қарсы шабуылдар жасап, осал тұсын табуға тырысты. Алайда “Интердің” қорғанысын бұза алмады. Ал бірінші таймның 45-минутында “Интер” сапынан Лаутаро Мартинес есеп ашып, командасына алға шығарды.
Нәтижесінде екінші таймның 55-минутында “Қайраттың” капитаны баспен соққы жасап, “Интердің” темір қақпасын бұзып, таразы басын теңестірді. Дегенмен көп ұзамай “Интер” құрамасынан Карлос Аугусто “Қайрат” қақпасынан саңылау тапты.
Осылайша “Интер” мен “Қайрат” арасындағы ойын 2:1 есебімен италиялық клубтың пайдасына аяқталды.