11.11.2025, 12:20

Қуат Хамитовке қатысты жағымсыз жаңалық шықты

Фото: видеодан скрин

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов ресейлік танымал АСА ММА лигасында дебютін сәтті өткізіп, ACA 194 турнирінде төрешілер шешімімен ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) жеңген еді.

Қазақстандық ММА файтері Қуат Хамитов АСА ұйымының турнирінде ресейлік Алексей Махномен жекпе-жек өткізбейтін болды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы 1bol.kz-ке сілтеме жасап. 

«Қуатқа қатысты әңгіме былай: ол Махноны айқасқа шақырды, бірақ келісімшарттар бойынша ортақ шешімге келе алмадық. Кейін ол жекпе-жекке дайын екенін, бірақ тек ақпанда өтетін мерейтойлық турнирге қатысуға дайын екенін жеткізді. Біз оған: «Бізде Махно бар, нақты күні де белгілі, сондықтан не келісетініңді, не бас тартатыныңды айт. Егер келіспесең, басқа қарсылас іздейміз», - деп жауап бердік. Біз оған жаңа та ұсыныс жасадық, ол қарсыластардың тізімін де біледі», - деді АСА ұйымының вице-президенті Асланбек Бадаев.

Айта кетейік, бұған дейін Қуат Хамитов ресейлік танымал АСА ММА лигасында дебютін сәтті өткізіп, ACA 194 турнирінде төрешілер шешімімен ресейлік Анатолий Бойконы (12-5) жеңген еді.

Сол жекпе-жектен кейін Хамитов октагонның ішінде тұрып-ақ Алексей Махноға ресми түрде жекпе-жекке шақыру тастаған болатын. Сонымен қатар Хамитов тағы бір аралас жекпе-жек өкілі қазақстандық Еркебұлан Тоқтармее бокс ережесі бойынша кездесу өткізуге дайын екенін мәлімдеді.