Бұл туралы Балаусаның промоутерлік компаниясы – Али Ахмедовтың промоушені Instagram парақшасында жариялады.
Қазақстанның танымал кәсіпқой боксшысы, жеңіліссіз чемпион Балауса Мұздыман (9-0, 7 КО) жыл соңында жанкүйерлерін тағы бір жекпе-жекпен қуантпақ. Спортшының келесі кездесуі 27 желтоқсанда Алматыда өтетіні ресми түрде хабарланды, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы Балаусаның промоутерлік компаниясы – Али Ахмедовтың промоушені Instagram парақшасында жариялады.
«Балауса — UBO тұжырымы бойынша чемпион, және бұл белдікке толықтай лайық екенін тағы дәлелдеуге дайын. Күні, уақыты және орны белгілі. Енді ең маңыздысы — рингке шығатын қарсыласының есімін жариялау ғана қалды», – делінген ресми хабарламада.
Қарсыласының аты әзірге құпия болғанымен, жекпе-жекке деген қызығушылық қазірдің өзінде жоғары.
Балауса Мұздыман рингке соңғы рет қыркүйек айында шыққан болатын. Алматыда өткен сол бокс кешінде ол үндістандық Мамта Сингхті (8-3-1, 4 КО) техникалық нокаутпен айқын жеңген еді. Бұл оның кәсіпқой мансабындағы 9-жеңісі және 7-нокауттық жеңісі болды.
Жанкүйерлер Балаусаның жыл соңындағы кездесуі одан да тартысты болады деп күтуде.