$ 519.41  600.85  6.41

Шерхан Қалмұрза өзіне қатысты айтылған сынға жауап берді (ВИДЕО)

Сондай-ақ жұлдыз қақпашы өзіне көлік сыйлағаннан кейін ғана жүргізуші куәлігін алғанын жасырмады.  

Фото: видеодан скрин
Фото: видеодан скрин

Алматылық “Қайрат” футбол клубының талантты 18 жастағы қақпашысы Шерхан Қалмұрза өзіне қатысты әлеуметтік желілерде жазылып жүрген сын-пікірлерге жауап берді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Ол сұхбат барысында жанкүйерлердің пікірлерін жиі оқитынын, бірақ олардың ешқайсысы оның көңіліне кері әсер етпейтінін атап өтті.

“Әлеуметтік желіде көптеген пікірлерді көремін, оқимын. Олардың ішінде жақсысы да, жаманы да бар. Бірақ ол пікірлер маған ешқандай кері әсерін тигізбейді. Менің алдыма қойған мақсатым бар, сол мақсатқа жету үшін еңбектенемін”, – деді Шерхан Қалмұрза Олжас Байбосыновқа берген сұхбатында.

Сондай-ақ жұлдыз қақпашы өзіне көлік сыйлағаннан кейін ғана жүргізуші куәлігін алғанын жасырмады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 9
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары