Джейк Пол мен Энтони Джошуа 19 желтоқсан күні Майамиде жұдырықтасады
WBO/IBF нұсқалары бойынша орта салмақта әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы блогер-боксшы Джейк Пол мен суперауыр салмақта бұрынғы әлем чемпионы Энтони Джошуа арасында өтетін жекпе-жекке қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
19 желтоқсан күні Пол мен Джошуа Майамиде ресми кездесу өткізіп, бұл екеуінің де кәсіби карьерасындағы айқастар тізіміне енеді. Соған қарамастан Жәнібек бұл жайтқа аса мән берудің қажеті жоқ деп санайды.
– Джейк Пол мен Энтони Джошуа 19 желтоқсан күні Майамиде жұдырықтасады...
– Бұл бокс емес – шоу, – деді «Қазақ стилі» ESNEWS-ке берген сұхбатында.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлының өзі шаршы алаңға 6 желтоқсанда шығады. Жерлесіміздің қарсыласы – WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы кубалық Эрисланди Лара.