Осылай деген тараздық спортшы Каирдегі жеңілісінің нәтижесі есепке алынбайтынын, яғни, қарсыласынан допингке қатысты сынама тапсырмағаны үшін шешім күшін жойғанын жеткізді.
Ангелина Лукасты Мысырдағы жекпе-жегінен кейін алматы әуежайында жанкүйерлері қарсы алды. Аталған сәтте кәсіпқой боксшы ерекше әсерге бөленіп, ұмытылмастай күйге бөленген, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Бұл туралы отандық былғары қолғап шебері желіде жазба жариялап, бұл күнді ешқашан ұмытпайтынын атады.
«Менің алғысымды толық жеткізуге ешқашан сөз жетпейді. Бүгін түнгі сағат 2-де Алматы әуежайында мені күтіп алғандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Ұйықтамай, не нәрсеге болмасын қарамастан келген жігіттерге, десантшыларымызға ризашылығым шексіз. Түнгі тыныштықта сіздерді көрген сәтте көзіме жас келді. Бізден басқа ешкім жоқ. Бір ғана нәрсені айтқым келеді: ең ауыр сәтте де, ең қуанышты шақта да біз әрдайым бірге боламыз. Бұл түн тағы бір рет дәлелдеді. Бірге болғанда біз мықтымыз. Не болса да, жанымнан табылуларыңыз маған алға жүретін күш берді», - деп жазды боксшы.
Осылай деген тараздық спортшы Каирдегі жеңілісінің нәтижесі есепке алынбайтынын, яғни, қарсыласынан допингке қатысты сынама тапсырмағаны үшін шешім күшін жойғанын жеткізді.
«Жекпе-жек нәтижесі есептелмеді. Қарсыласқа қатысты шешім мен жағдай көп талқыланды. Бірақ соған қарамастан, сіздер мені жеңіске жеткендей қарсы алдыңыздар. Бұл - мен үшін нағыз жеңіс. Мен барлық 10 раундты адал өткізгеніме, мықты америкалық қарсыласқа қарсы соңына дейін тұрғаныма, өзімнің және елімнің абыройы мен рухын қорғағаныма мақтанамын. Ең бастысы - әділет салтанат құрды, шындық өз орнына келді. Мен міндетті түрде шаршы алаңға ораламын. Бұдан да мықты болып келемін», - деп жазды Ангелина Лукас.
Ангелина жақында Мысыр астанасындағы жекпе-жекке бару үшін үлкен мәселеге тап болған еді. Ол виза ала алмай, кеден үлкен кедергіге тап болған. Алайда кешеуілдеп шешілген мәселеден кейін ол Каирде сынға түсуге мүмкіндік алды.