21.11.2025, 22:30

Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының күміс жүлдегері атанды

Фото: olympic.kz

Айта кетейік, Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде ел қоржынында әзірге 15 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль бар. 

Қазақстандық еркін күрес шебері Ризабек Айтмұхан Ислам ынтымақтастығы ойындарының финалында ирандық Азарпира Амиралиге 0:5 есебімен есе жіберіп, күміс медаль иеленді, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жарыс жолында отандасымыз ширек финалда әзербайжандық Магомедхан Магомедовты 12:2, ал жартылай финалда Париж Олимпиадасының чемпионы Ахмед Тажудиновты 15:3 есебімен айқын жеңді.

Ал, Нұрқожа Қайпанов (74 кг) Ислам ынтымақтастығы ойындарында медальсіз қалды. 2024 жылғы әлем чемпионы қола жүлде үшін өткен белдесуде қырғызстандық Орозобек Токтомамбетевке есе жіберді.

Айта кетейік, Эр-Риядта өтіп жатқан турнирде ел қоржынында әзірге 15 алтын, 19 күміс және 21 қола медаль бар.