$ 518.66  597.44  6.56

Әмір Омарханов Тунистегі турнирде бас жүлде үшін таласады

Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді.

Фото: ҚТФ
Фото: ҚТФ

Әмір Омарханов мансабында алғаш рет Тунисте өтіп жатқан ITF M15 сериялы турнирдің жекелей сында финалына шықты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Жартылай финалда қазақстандық 52 минутта неміс Мик Петковичті (776 АТР) 6:1, 6:2 есебімен жеңді. Финалда 18 жастағы Әмір тағы бір неміс теннисшісі Макс Шонхаусқа (824 ATР) қарсы ойнайды.

Ақтық ойын ертең 23 қарашада өтеді.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары