$ 519.98  600.06  6.6

40 жастағы Криштиану Роналду тағы да әлемді таңдай қақтырды

Сауд-Арабия чемпионатының 9-турында “Аль-Наср” клубы “Әл-Халиджге” қарсы матч өткізді.

Фото: gettyimages.com
Фото: gettyimages.com

Португалия мен Аль-Наср клубының шабуылшысы Криштиану Роналду мансабындағы 954-голын соқты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сауд-Арабия чемпионатының 9-турында “Аль-Наср” клубы “Әл-Халиджге” қарсы матч өткізді.

Ойын басталған сәтте қос тарапта бір-бірінің осал тұсын таба алмай сарсанға түсті. Алайда бірінші таймның 39-минутында “Аль-Наср” сапынан алғашқы голды Жоау Феликс соқты. Артынша Уэсли 42-минутта қарсылас қақпасынан саңылау тауып есепті ұлғайтты. Ал Садио Мане 77-минутта “Әл-Халидженің” шабуыл шебін бұзып өтіп, есепті 3:1-ге жеткізді. "Аль-Халидж" сапындағы жалғыз голды 47-минутта Мурад Хавсави соққан еді.

Матч аяқталар тұста Криштиану Роналдуның қайшылай тепкен добы, қақпаға дәл кіріп ойынның тағдырын өз пайдаларына жазып кетті. Есеп 4:1.

Бұл оның мансабындағы 954-голы. Осылайша даңқты футболшы мыңдық межеге жақындап қалды.

Айта кетtйік, "Әл-Наср" осылайша турнир кестесіндt 27 ұпаймен көшбасыyа шықты. Ал "Әл-Хиляльда" 23 ұпаймен 2-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары