Желі қолданушылары чемпионның қарапайымдылығы мен ерекше харизмасына тәнті болып, видеоны қызу талқылауда.
Олимпиада чемпионы, танымал дзюдошы Елдос Сметов көпшіліктің назарын өзіне аудартқан қызықты сәттің видеосы желіде тарады, деп жазады Skifnews.kz ақпарат порталы.
Дзюдо тақырыбын көтеріп жүретін Judo News Online Telegram арнасында жарияланған бейнежазбада спортшы қымбат көлігімен мемлекеттік мекемелердің біріне кимономен келгені түсірілген.
Платформа бұл сәтті әзілмен былай деп сипаттаған:
«Елдос Сметов соншалықты мықты, тіпті көлікпен де кимоно киіп жүреді».
Желі қолданушылары чемпионның қарапайымдылығы мен ерекше харизмасына тәнті болып, видеоны қызу талқылауда.
Видео: @kzsports, @penalty_kz