«Әдемілік көзді де, көңілді де жадыратады», «Бөлексің», «Айтуға сөз таппадым», «Мафиозник», «Краш деген сөз иесін тапқан секілді» деген сыңайда желі қолданушылар жүзге жуық пікір жазып қалдырды.
Бокстан ересектер арасында әлем чемпионы Төрехан Сабырхан желіде ерекше сән үлгісінде киініп түскен суретін жариялап, көпшіліктің көзайымына айналды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Бағасы қымбат «Бентли» көлігімен классикалық киімде тұрған боксшының бұл әрекетін көпшілікпен бірге еркін күрестен әлем чемпионы Ризабек Айтмұқан да қызу қолдай жөнелді.
«Pretty boy, бірақ сенікі емес», деп жазды боксшы.
«Әдемілік көзді де, көңілді де жадыратады», «Бөлексің», «Айтуға сөз таппадым», «Мафиозник», «Краш деген сөз иесін тапқан секілді» деген сыңайда желі қолданушылар жүзге жуық пікір жазып қалдырды.
Айта кететін жайт, Төрехан Сабырхан ҚР ұлттық құрамасымен бірге Өзбекстандағы оқу-жаттығу жиындарына барған жоқ.
Естеріңізде болса, боксшы қыркүйек айында туған ағасы Махмұд Сабырханмен бірге Ливерпульде өткен әлем чемпионатында 70 келіде топ жарған болатын. Кейін боксшыға Шымкенттен екі бөлмелі пәтер мен су жаңа «Тойота камри-80» автокөлігі сыйға берілді.