$ 513.45  596.99  6.59

«Сары қағазды әдейі алдым»: УЕФА Дастан Сәтпаевқа шара қолдануы мүмкін

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын "Копенгаген" командасымен болған ойыннан кейін "Қайрат" бапкері Рафаэль Уразбахтин сұқбат барысында Дастан Сәтпаевқа сары қағаз алуды тапсырғанын мойындады.

Фото: ФК "Қайрат"
Фото: ФК "Қайрат"

Журналистер УЕФА Дастан Сәтпаевты бапкерінің өтінішімен алған сары қағазы үшін қалай жазалауы мүмкін екенін анықтап білді. Бұл туралы Sn.kz ақпарат порталы Sports.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Еске сала кетейік, бірнеше күн бұрын "Копенгаген" командасымен болған ойыннан кейін "Қайрат" бапкері Рафаэль Уразбахтин сұқбат барысында Дастан Сәтпаевқа сары қағаз алуды тапсырғанын мойындады.

"Бұл менің шешімім болды. Мен оған сары қағазды алуды тапсырдым. Оның екі ескертуі бар еді. Сол себепті келесі ойындар алдында "тазаланып алуын" өтіндім. Бұл тактикалық сары қағаз болды", - деді бапкер.

БАҚ өкілдері УЕФА мұндай әрекеттерге қатысты қатаң ұаралар қолдану мүмкін екенін айтты.

"УЕФА тәртіптік регламентінің 10 бабы, d тармағы бойынша қасақана сары немесе қызыл қағаз алғаны үшін футболшы жарыстың екі матчы немесе белгісіз мерзімге ойындардан шеттету мүмкін", - делінген басылымның материалында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 1
Күлкілі 2
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары