$ 513.45  596.99  6.59

Дастан Сәтпаев әлемнің үздік жас футболшыларының қатарына енді

Мұндай рейтингті Instagram-да 3 миллионнан аса жазылушысы бар белгілі Score90 порталы жариялады.

Фото: pressball.by
Фото: pressball.by

Алматылық «Қайрат» клубының және Қазақстан жасөспірімдер құрамасының 17 жастағы форварды Дастан Сәтпаев әлемнің ең үздік жас ойыншыларының тізіміне кірді. Мұндай рейтингті Instagram-да 3 миллионнан аса жазылушысы бар белгілі Score90 порталы жариялады, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.

Портал 2008 жылы туған әлемнің ең талантты футболшыларының тізімін ұсынды. Онда Сатпаев үздік бестіктің қатарынан орын алды. Бұл – қазақстандық жас ойыншылар үшін сирек және маңызды жетістік.

Score90 нұсқасы бойынша 2008 жылғы ең үздік 5 футболшы:

  1. Леннарт Карл («Бавария»)

  2. Ибраим Мбайе (Пари Сен-Жермен)

  3. Рио Нгумоа («Ливерпуль»)

  4. Онест Аанор («Аталанта»)

  5. Дастан Сәтпаев («Қайрат»)

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары