Халықыралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың жаңартылған рейтинг кестесінде жариялады.
Бокстан әйелдер құрамасының көшбасшысы Назым Қызайбай 48 келі салмақтың рейтингінде бірінші орнынан айырылды, деп хабарлайды Sn.kz ақпарат порталы.
Халықыралық World Boxing ұйымы 2025 жылдың жаңартылған рейтинг кестесінде жариялады.
Аталмыш тізімде Назым Қызайбай бірінші орындағы позициясынан айырылып, екінші орынға төмендеді. 48 келінің рейтингте үздіктер көшін үндістандық Минакши Минакши 1900 ұпаймен бастап тұр.
Жаңартылған тізімде екі қазақстандық боксшы өз салмақтарында бірінші орынды иеленіп отыр:
• 65 келіге дейін – Аида Әбікеева (1575 ұпай);
• 70 келіге дейін – Наталья Богданова (1650 ұпай).
Әйелдер арасындағы өзге салмақтардағы қазақстандық боксшылардың нәтижелері төмендегідей:
• 48 келіге дейін – Назым Қызайбай – 2-орын;
• 51 келіге дейін – Алуа Балқыбекова – 2-орын;
• 57 келіге дейін – Карина Ибрагимова – 11-орын;
• 60 келіге дейін – Виктория Графеева – 3-орын;
• 75 келіге дейін – Надежда Рябец – 13-орын;
• 80 келіге дейін – Гүлсая Ержан – 6-орын;
• 80 келіден жоғары – Елдана Тәліпова – 3-орын.
Айта кетейік, Назым Қызайбай – Париж Олимпиадасының қола жүлдегері және Қазақстан тарихындағы тұңғыш үш дүркін әлем чемпионы. Ол соңғы рет Ливерпульде өткен әлем чемпионатында финалға шығып, төртінші мәрте әлем чемпионы атануға мүмкіндік алған еді. Алайда шешуші жекпе-жекте төрешілер жеңісті дәл осы үндістандық Минакши Минакшиге берді.